Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада алғаш рет NeforOOm іс-шарасы өтеді

26 сәуірде Астана қаласында Astana it University алаңында медиаторлар үшін – NeforOOm іс-шарасы өтеді. Бұл Қазақстанда PR саласының мамандарына, баспасөз хатшылары мен журналистерге арналған алғашқы ауқымды шара.

Сарапшылар, ҚР Парламентінің депутаттары және медиа-сала мамандары (PR-лар мен журналистер) қайырымдылық жобаларындағы коммуникацияны дамытуды, қоғамдық бастамаларды және танымал емес спорт түрлеріне қалай пиар істеу керек екенін талқылайды. Креативті индустрияның болашағы туралы және Kazakh Identity-дің Ақпараттық күн тәртібіндегі рөлін, заңнамалық нормаларды қатаңдату медиасфераға қалай әсер етеді деген сұрақтар төңірегінде әңгімелеседі. Арнайы workshop-ты танымал қазақстандық басылымдардың бас редакторлары өткізеді.

Neforoom-ға салалық PR-мамандар қауымдастығы, балаларға көмек көрсету үшін денсаулық сақтау және білім беру саласындағы қайырымдылық жобаларын іске асыратын "Аяла" қайырымдылық қоры, GR, стратегиялық және дағдарыстық коммуникациялар саласындағы "B2C consulting Group" консалтингтік компаниясы, ұлттық спорт түрін ілгерілететін "Жамбы ату" федерациясы, персоналсыз сауданың инженерлік технологияларын ұсынатын қазақстандық стартап "Set24.kz",  "MSSP Global" – ақпараттық қауіпсіздікті және құпия деректерді қорғауды қамтамасыз етуге арналған өнімдер мен шешімдерді қазақстандық әзірлеуші, сондай-ақ rakurs Film киномектебі қолдау көрсетті.

NeforOOm ұйымдастырушылары 2023 жылы Қазақстанда салалық PR дамыту мақсатында құрылған PR room кәсіби қоғамдастығы. Оның негізін қалаушылар – Гаухар Абеуова, Айнұр Байғожа, Әсел Әлімханова және Олжас Беркінбаев. PR room қауымдастығы Қазақстанда PR-дың кәсіби дамуына, атап айтқанда, салалық PR және журналистиканы дамытуға жәрдемдеседі, түрлі іс-шараларды ұйымдастырады. Осылайша PR-мамандар мен журналистердің білім беру біліктілігін арттыру және кәсіби өсуіне жәрдемдеседі.

Талқылау