Астанада 32 градус ыстықта көлік өздігінен өртеніп кетті

Видеодан скриншот
Желіде аптап ыстықтан көлік өртеніп кеткені туралы видео пайда болды. Видеода қолында шелек ұстаған ер адамның жанып жатқан Volkswagen Polo көлігіне қарай жүгіргенін көруге болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астаналықтар +32°C ауа температурасынан көлік өртеніп кеткенін көрді.
Астана төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өрт Есіл ауданы, Дінмұхамед Қонаев көшесінде болғанын растады. Ресми мәлімет бойынша, көліктің қозғалтқышы бірінші өртенген. Өрт сөндірушілер келгенше жалын сөндірілді, ешкім зардап шеккен жоқ.
Бразилияда әуе шары өртеніп сегіз адам қаза тапты
"Өрттің нақты себептері әлі анықталып жатыр", – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.
Еске салсақ, қазақстандық актер АҚШ-та өртеніп жатқан көліктен адамды құтқарып қалған еді.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген