Астанада 14 жасар оқушы буллингтің кесірінен 12-қабаттан секірді деген ақпаратқа баланың жақындары пікір білдірді
Желіде астаналық оқушының буллингтің кесірінен 12-қабаттан секіріп, өзіне қол салғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

14 жастағы бала терезеден секіріп, көз жұмған. Мұны алғашында желі қолданушылары мұны мектептегі буллингтің салдарынан болды деді. Алайда кейін марқұмның әпкесі мұның жалған ақпарат екенін “Немолчи” қорына мәлімдеді.
"Мен, А. Н.Омарбекова, 12-қабаттан құлаған баланың үлкен әпкесімін. Бұл суицид емес, оқыс жағдайдан болды. Ол өте көпшіл, қарым-қатынасқа түсуге жақын бала еді. Туыстары, жақындарынан, достары мен сыныптастарынан сұрасаңыздар, оны бәрі жақсы көрді. Оқытушылармен де қарым-қатынасы жақсы еді”, – деді әпкесі.
Айтуынша, жасөспірім модель болып, жарнамаларға түскен. Туыстары оның өлімін №17 мектепте буллингпен байланыстырғанын қаламады.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"