Астанада 1 жасар бала қытай медицинасымен емделгеннен кейін қайтыс болды
Астанадағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасында бауыр ауруынан 2016 жылы туған бала көз жұмды. Астана прокуратурасының мәліметінше ауруханаға түсемін дегенше сәбиге жеке клиникада қытай медицинасының ем-домы қолданылған.
“Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары барысында ата-анасының қытай медицинасын насихаттайтын жеке клиникаға барғаны анықталды. Ол жерде сәби бес күн бойы сұйықтықпен емделу әдісімен емделіп, үйінде қытайлық өндірістегі биологиялық белсенді қоспаларды тұтынған”, – деп хабарлады Астана прокуратурасының баспасөз қызметі.
Құзырлы органдар тексеру жұмыстарын жүргізгеннен кейін жеке клиниканы лицензиясынан айыру туралы ұсыныс жасаған. Қазір бұл мәселені сот қарап жатыр.
“Сот үкімімен заңды тұлғаға ҚР әкімшілік кодексі 426 бабы бойынша айып тағылып, 294 970 теңге айыппұл, ҚР әкімшілік кодексі 463 бабы бойынша 56 725 теңге айыппұл салынды”, – деп хабарлады прокуратура.
Оқи отырыңыз:
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған