Астана тұрғыны салқын суда отыру бойынша рекорд жаңартты
1 сағат 20 минут бойы даладағы салқын суда отырған 45 жастағы Астана тұрғыны желідегілерді таңғалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Время” басылымына сілтеме жаса хабарлайды.
Фото: time.kz
Қайырбек Аяшев екі жыл бұрынғы өз рекордын жаңартқанын айтады. Ол кезде ер адам салқын суда 1 сағат 15 минут тұрған көрінеді.
Қайырбек Есіл өзенінің бойында металл ваннадағы салқын суда ұзақ уақыт бойы тұрған. Ауа температурасы нөлден жоғары болғанымен, суға түсуге өте суық еді.
"Мен 2008 жылдан бастап осы іспен айналысып жүрмін. 2019 жылдан бері салқын суда отырып, уақыт есептейтін болдым. Мақсатым рекорд орнату еді. Алғашқы рет 35 минут отырдым. 2020 жылы 40 минут, 2021 жылы 45 минут, ал 2023 жылы 1 сағат 15 минут отырдым. Дүниежүзілік рекордтар 2 сағаттан астам уақытты қамтиды", – деді ол.
Бір қызығы, ол екі жыл бойы суға түспеген, бірақ денесін шынықтыруды ұмытпаған.
Қайырбек қыс мезгілінде қалада жазғы киіммен жүреді және 10-20 минуттық шынығу жаттығуларын күнде жасап тұрады.
"Ағза мұздай суға түскенде шок жағдайына түседі. Жүрек соғысы мен тыныс алу жиілейді. Сосын жартылай бейімделу процесі басталады. Өмір сүру режимі қосылады. Кейін тек суық пен қолайсыздыққа шыдау керек. Бұл – адам ағзасының мүмкіндіктерін көрсету. Менің істегенім қауіпті. Бірақ бұл қызық болуы мүмкін. Ғылыми тұрғыдан адам мұздай суда қанша уақытқа дейін шыдай алатынын білу маңызды", – деп түсіндірді Аяшев.
Денені шынықтыру үшін дәрігерлер әдетте 1-2 минуттан көп суға түспеуді ұсынады әрі тек денсаулығы жақсы адамдарға ғана қыс мезгілінде салқын суға түсуге рұқсат етілген.
Еске салсақ, осыған дейін ер адам су астында 120 күн өмір сүріп, рекорд жаңартқан еді.