"Астана" командасының велошабандозы "Тур де Франстың" жалпы есебінде алғашқы ондықтан шығып қалды
"Тур де Франс" көпкүндік жарысының 12-күні өз мәресіне жетті. Пелетон тау жолдары арқылы 165,1 шақырымды еңсерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кезекті жарыс күнінде INEOS Grenadiers командасының мүшесі британиялық Том Пидкок пен Israel-Premier Tech командасының мүшесі Крис Фрум бірінші және үшінші орынды иеленді. Ал екінші болып Intermarché-Wanty-Gobert Matériaux командасының өкілі, оңтүстікафрикалық Луис Мейнтджес мәре сызығынан өтті.
"Астана" командасының велошабандозы Алексей Луценко 16-шы болып келіп, жарыстың жалпы есебіндегі 9-орыннан 11-орынға жылжыды.
"Тур де Франс". 12-й кезең.
Бриансон – Альп-д’Юэз. 165.1 шақырым:
1. Том Пидкок (Великобритания, INEOS Grenadiers) — 4:55:24
2. Луис Мейнтджес (ЮАР, Intermarché-Wanty-Gobert Matériaux) — +0:48
3. Крис Фрум (Великобритания, Israel-Premier Tech) — +2:06
16. Алексей Луценко (Казахстан, "Астана") — +5:29.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған

