"Астана" командасы польшалық "Ракувтен" ойсырай жеңілді
"Астана" Конференция лигасының екінші іріктеу турындағы "Ракувқа" қарсы ойында ұтылып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Астана” командасы Польшаға рейстік ұшақтармен жеткен. Себебі чартерлік рейс кейінге қалдырылған. Астаналық команда алдымен Варшаваға жетіп, кеін автобуспен Чентхсовқа барған. Нәтижесінде футболшылар матчқа екі сағат қалғанда ғана діттеген орынға жеткен.
Командалар арсындағы бірінші ойын 0:5 есебімен аяқталды. Бірінші гол төртінші минутта салынды, "Астана" голкипері Марко Милошевич қателік жіберіп, Иван Лопестің алыстан тепкен добын тоса алмады.
Үзіліске дейін Матеуш Вдовяк есепті еселеді, ал одан кейін Владислав Гутковский, Владислав Кочерчин мен Фран Тудор (пенальти) гол соқты.
Командалар арасындағы келесі ойын 28 шілдеде Нұр-Сұлтанда өтеді.
Айта кетейік, "Қызыл-Жар" Нұр-Сұлтанда хорватиялық "Осиекке" есе жіберген.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

