Астана қаласында пәтерлердің бірінде белгісіз әйел лифт жанына дәрет сындырған (видео)
Астана қаласындағы Nova city тұрғын үй кешенінде белгісіз әйел лифт жанына дәрет сындырған. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасын түсіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған әйел лифт жанындағы есікті аша алмай, дәрет қысып тұрған соң сол жерде тірлігін тындырған. Әйелдің дәрет сындырып болған соң жайбарақат кетіп бара жатқаны камерада анық көрінеді.
Әлеуметтік желіде пәтер тұрғындарының бірінің шағымы да жарияланған.
"Бұл әйелді әлі таба алмадық. Ол туралы көршілер чатта жазды. Адамдар тұрғын үйлердің ішінде камера бар екенін білсін. Егер бұл әйел табылса, оған айыппұл салынады", – делінген жазбада.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған