"Астана" футбол клубының түлегі "Бенфика" сапына ауысты
“Астана” футбол клубының тәрбиеленушісі Шыңғыс Әлікеев Португалияның ең атақты командасы “Бенфика” сапында өнер көрсетпек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Футболшыны бұған дейін, елордалық клуб сапында ойнағанда “Эшторил” командасының скауттары байқап қалған. Нәтижесінде “Эшторилға” ауысқан Әлікеев 30 ойында 30 гол соққан. “Бенфика” агенттері назарына түскен отандасымызды бірден команда қатарына қосқан.
15 жасар қапталда ойнайтын вингерге португалдық “Брага” да қызығушылық танытқан еді. 15 жастағы ойыншы Қазақстан U16 құрамасына шақырту алып үлгерді.
Бұған дейін, қазақстандық тағы бір жас ойыншы Дастан Сатпаев франциялық “Страссбур” клубына ауысуы мүмкін екенін хабарлаған едік. Сондай-ақ Дәулет Орынбасарға да ресейлік “ЦСКА” футбол командасы қызығушылық танытқанын жазғанбыз.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі

