Астана әуежайында өрт болды
Астана қаласында халықаралық әуежайдағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сыртқы белгілері бойынша №1 және №2 терминалдар арасындағы галереяда қатты түтін болған. Қазір эвакуация жүргізіліп жатқаны айтылады.
Министрлік сағат 08:24-те өрт сөндірілгенін мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша №2 серверлік терминалда 10-15 шаршы метрде электр кабельдері жанған.
Бұған дейін Қарағандыда машина жасау зауытынан өрт шыққаны белгілі болған.
Фельдшерлердің мәселесін көтерген қазақстандық жындыханадан бір-ақ шыққанын айтты
Өмірбек Мұхаммадтың жедел жәрдем қызметінде бес жылдық еңбек өтілі бар
Төрт тілде еркін сөйлейтін қазақстандық жігіт ауылда мал бағып жүр
Әділет: "Әкем мал шаруашылығында, анам тазалықшы, тіл курсына артық қаржы болмады"