Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімі ескі үйлер мен саяжайларды сүріп тастауды ұсынды

Астана әкімі Әсет Исекешев президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ескі және апатты үйлерді бұзу бойынша қанатқақты жобаны жүзеге асыру жайында баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Исекешевүй

«Қазіргі кезде 117 екі қабатты үй бұзылды. Жыл соңына дейін 228-і сүріліп тасталады және тұрғындарды жаңа үйлерге көшіру жолымен 6 700 пәтер салынады. Жинақталған тәжірибені, сондай-ақ бұл бағдарламаның биыл аяқталатынын ескере отырып, оны қалалық ортаны қайта жаңарту бағдарламасына екі бағыт бойынша масштабтауды ұсынамыз», – деді әкім Астананы дамытуға арналған кеңесте.

Бұл бағыттағы ұсыныстар мақұлданған жағдайда, бағдарламаға сәйкес, жеке тұрғын үйлер мен саяжайлар сүрілетін болады. Олардың орнына қазіргі заманғы жайлы үйлер салынады деп жоспарлануда.

Оқи отырыңыз:

Роза Рымбаева өзімен суретке түскісі келетіндерді «әдепсіз әрі бетпақ» деп атады

Мәдина Сәдуақасова жарнамаға түскені үшін сынағандарға жауап берді

Нан пісіріп тұрып ән айтқан Динара Сұлтан желіні “жарды” (видео)

Ернар Айдар ауруханадан шықты

Демалыс күндеріне арналған ауа-райы

 

 

Талқылау