Аспиринді көп қабылдаудың зияны айтылды
Еуропа мен АҚШ-та жасалған зерттеу нәтижесінде аспиринді көп қабылдау адамдардың жүрек қабыну ауруларын 26%-ға өсіріп, қан қысымын жоғарылататы анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеуге Батыс Еуропа мен АҚШ-тан 31 жастан асқан 40 мыңға жуық адам қатысты. Олардың арасында белгілі бір сырқатқа шалдыққандар, атап айтсақ, артық салмақ, гипертония, жоғары холестеринді, қант диабеті бар және әртүрлі жүрек-тамыр ауруларымен ауратындар мен темекі шегетіндер бар.
Сынақ барысында 7,5 мың қатысушы (25%) үнемі аспирин қабылдады. Бақылау нәтижесінде олардың 1 330-ында жүрек қысымы ауруларының өрши түскендігі белгілі болды.
Қосымша тексеру кезінде мамандар әр пациенттің жағдайына қайта талдау жүргізіп, алынған нәтижелерді салыстырды. Олар аспирин қабылдаған адамдар арасында жүрек ауруының даму қаупі 26%-ға жоғары деген қорытындыға келді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы