Аспаз болып жұмыс істеген: Нұр-Сұлтанда ер адам кафеден 1,5 млн теңге ұрлап терезеден секірген
Нұр-Сұлтан кафесінен ер адам 1,5 млн теңге ұрлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме беріп.

Елордалық полицияның мәліметінше, күдікті осы мекемеде аспаз болып жұмыс істеген.
“Ол түнгі уақытта терезені сындырып, кафенің ішіне кірген. Кассалық аппаратты ашқан жігіт 1,5 миллион теңге ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен”, – деп мәлімдеді ведомствода. Кейін ол пәтерінде ұсталды.
“Ұрланған ақша тәркіленді. Ұсталған азамат УҰИ-ға қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – деп нақтылады баспасөз қызметі.
- 3 миллион теңге қарызы бар: 27 жастағы қазақстандық жүрегін сатуға жарнамаға қойған
- Дөрекілік танытқан: Талдықорғанда әйел танысы зорлағанын айтып жала жапқан
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген