Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дөрекілік танытқан: Талдықорғанда әйел танысы зорлағанын айтып жала жапқан

Талдықорған қаласында полиция басқармасының тергеушісі сотқа дейінгі тергеу барысында әйел танысына өзін зорлады деп жала жапқанын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

2021 жылдың 5 мамырында тіркелген зорлау туралы қылмыстық іс Талдықорған қаласының 52 жастағы тұрғынының ҚР ҚК 120-бабы 1-бөлігі бойынша арызы қарастырылған. Талдықорған қаласы ІІБ ЖПҚБ тергеушісі барлық жиналған дәлелдемелерді талдап, іс материалдарында және жәбірленушінің айғақтарында бірқатар қарама-қайшылықтар мен олқылықтарды анықтаған.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеуші қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде кәсібилігін көрсетіп арызданушының жалған айып таққанын дәлелдеген.



Белгілі болғандай, арызданушы әйел танысымен ерікті түрде жыныстық жақындыққа түскеннен кейін оның өзіне көрсетілген дөрекілігінен соң оған жала жапқан. Мұны сот процесі кезінде әйел мойындаған.

“Зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс ҚР ҚК 419-бабы 3-бөлігі бойынша жалған ақпарат тарату фактісін тіркей отырып, тоқтатылды. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде келу туралы міндеттеме түрінде процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес ашылмайды”, – дейді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Талқылау