Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аспашам құлап, айна сынды": Алматыдағы жер сілкінісін шоу-бизнес өкілдері қалай қабылдады

Алматыда қуатты жер сілкінісі болды. Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаны растап, сақ болуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/baizaakov/

Қала тұрғындарымен бірге өнер адамдары да оқиғаға қатысты өздерінің басынан кешкен әсерлерін жазып жатыр. 

Той жүргізушісі, актер Қабдол Тілековтің үйінде аспашам құлап, айна сынған. 

“Жер сілкінгенде қабырғада сүйеніп тұрған айна құлады. Төбеде ілініп тұрған шам да үзіліп кетті. Өте қорқынышты. Сақ болыңыздар. Қаладан кетіп қайда барамыз?!. Бірақ керек заттарыңызды жинап жүргендеріңіз дұрыс. Таңғы 7.30-да тағы қайталанды, бірақ түндегідей емес”, – деді әзілкеш.

 Фото: https://www.instagram.com/kabdol/

Сонымен қатар, екінші сәбиіне жүкті актриса Жәния Джуринская да отбасымен бірге пәтерінен кетуге шешім қабылдаған. 

“Мен қатты қорыққанда күле беремін. Заттарымыз бен балаларды киіндіріп, сыртқа шықтық. Таңғы сағат 5-те тағы қайталанады екен. Сіз сенесіз бе?”, – деп жазды актриса. 

  Фото: https://www.instagram.com/djurinskaya/

 Одан кейін блогер Айжан Байзақованың інісі үй киіммен сыртқа шығып кеткен. 

“Алматыда жер сілкінгенде мен үйден шортымен атып шықтым. Өте қорқынышты болды. Көршілердің бәрі далада жүр. Шкафтар мен шамдар дірілдеді. Біздің елдегі төтенше жағдай қызметкерлерінде ескерту немесе дабыл қағу режимі жоқ. Мен әуежайға кетіп қалдым. Өйткені Астанадағы жақын адамдарымыздың жанында болуым керек”, – деді Алихан Байзақов.

  Фото: https://www.instagram.com/baizaakov/

“Көпқабатты үйде тұратын тұрғындарға есігіміз ашық” деп қол ұшын созған актер Нұрсұлтан Жақсыген де халықты сабырға шақырды. 

“Жақындарыңызға ескертіңіз. Құжаттарыңыз бен жылы киімдеріңізді алып көлікке отырып алыңыздар! Балаларды сақтаңыздар! Көпқабатты үйде тұратындар біздің үйге келіңіздер! Бөлме жетеді. Есік ашық не болса да бірге көреміз. Алла бір күнде туысқан, бауыр етіп қойды. Үйдің мекен-жайын білетіндер келіп қонды. Жер үйдің бір жақсы жері осы. Көп қорқыныш болмайды”, – дейді актер. 

   Фото: https://www.instagram.com/zhaksygen_n/

 Көпбалалы ана, актриса, әнші Дана Есеева да бала-шағасымен қалай қауіпсіздік ережелерін сақтағанын айтты. 

“Маған өмірде ең қажет дүниелер тізімі мынадай: “Жақындарым, балаларым, құжаттар және тіс пастасы. Ойланып жатырмын. Осындай кезде біз жақындарымызға немесе жер үйге барамыз. Ал Мейіржанда ондай мүмкіндік жоқ. Бәлкім отырған жерінің қабырғасы қалың шығар?!. Біз балалармен көшеде жүріп келдік. Зілзала ешқандай билік пен атаққа қарамайтынын түсіндім. Секундта болған жер сілкінісі өмірдің мәнін түсіндірді. Бәрімізді бір сілкіп алғандай болды. Біреуі Құдайға құлшылық жасап кетті. Өмірдің қадірін білейік. Қазір қауіпсіз жер үйдеміз”, – дейді актриса. 

 Фото: https://www.instagram.com/dana_yesseyeva/

Еске салайық, Алматыда қатты жер сілкінісінің магнитудасы 6,7 балл болғанын жазған едік. 

Талқылау