Асланбек Шымбергенов Париж олимпиадасында Қазақстан туын ұстап шығады
Франция астанасы Парижде өтетін олимпиада ойындарының ашылуында Қазақстанның туын ұстап шығатын спортшылар белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Парижде өтетін төртжылдықтың басты додасында Қазақстанның туын алып шығатын спортшылар белгілі болды. Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова туды алып шығу құрметіне ие болған. Одан бөлек, грек-рим күресінің шебері Нұрсұлтан Тұрсынов пен семсерші Әйгерім Сарыбай да туды алып шығу мүмкін спортшылардың қатарына қосылған.
Айта кетейік, Токио олимпиадасында Қазақстанның жалауын боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен Ольга Рыпакова алып шыққан болатын.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

