Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әскери ұшақ апаты: Тоқаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

Әскери ұшақ апаты: Тоқаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Грузия мен Әзербайжан шекарасының маңында түрік әскери ұшағының құлауына байланысты Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тоқаев бауырлас Түрік халқына көңіл айттып, қолдау білдірді. 

“Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия қарулы күштері ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көптеген адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, президент Режеп Тайип Ердоған мен бауырлас түрік халқына көңіл айтты”, – делінген Ақорданың хабарламасында. 

Айта кетейік, Түркияға қайтып келе жатқан С-130 әскери жүк ұшағы Грузия мен Әзербайжан шекарасында апатқа ұшыраған. Түркияның қорғаныс министрлігі ұшақта экипаж мүшелерін қосқанда 20 адамның болғанын хабарлады. Президент Режеп Тайып Ердоған екі ел шекарасында құлаған ұшақтың қирандыларына жету жұмыстарының жалғасып жатқанын айтқан еді.

Грузияның авиация агенттігі түрік әскери ұшағының “ешқандай дабыл сигналын берместен” радардан жоғалып кеткенін мәлімдеді.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 11 Қараша, 2025 22:57
Талқылау