Wildberries Қазақстандағы тұтынушылар үшін "Бөліп төлеу" мүмкіндігін енгізді

Қазақстандағы Wildberries маркетплейсінің пайдаланушылары енді BNPL "Бөліп төлеу" қызметін пайдалана алады. Бұл қызмет тұтынушыларға тауарды бірнеше рет бөліп төлеуге мүмкіндік береді. Соның арқасында қолданушыларға өнімдерді қолжетімді етеді және жеке бюджеттерін икемді жоспарлауға көмектеседі.
Қызмет қазірдің өзінде көп тұтынушылар үшін қолжетімді. Оны пайдалану үшін төлем әдісінен "Бөліп төлеу" дегенді таңдау қажет. Сатып алуды растамас бұрын пайдаланушыға шарттары және төлем кестесі көрсетіледі.
"Бөліп төлеуді" таңдаған кезде төлем алтыға бөлінеді. Оны тұтынушы жалғанған банк картасынан екі апта сайын төлейді. Егер өнім қайтарылса, бөліп төлеу жоспары тоқтатылады және бұрыннан жасалған төлемі тұтынушыға қайтарылады.
Бұл жаңа құрал платформада жұмыс істейтін сатушылар үшін де тиімді, өйткені сатылым көлемі артады. Сонымен қатар бұл жаңашылдық сатушылардың ақысына әсер етпейді, олар бұрынғыдай стандартты төлем кезіндегідей толық ақысын алады.
"Біз әрбір пайдаланушы өзіне ыңғайлы төлем нұсқасын таңдай алатындай етіп, технологиялық қаржы сервистерін дамытуды жалғастырып жатырмыз. Қазақстанда сатып алушыларға арналған “Бөліп төлеу” қызметін іске қосу — біздің әр аймақта заманауи қаржылық экожүйесін қалыптастыру деген стратегиямыздың бір бөлігі. Бұл сатып алушыларға шығындарын икемді жоспарлауға мүмкіндік береді, ал серіктестер үшін сатылымды арттыратын қосымша құрал болады", – деп атап өтті RWB (United Company Wildberries & Russ) компаниясының финтех бөлімінің басшысы Георгий Горшков.