Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әскери қызметкерлердің өлімі: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметкерлерге қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: коллаж Stan.kz

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мерзімді әскери қызметкерлерге қатысты ақпараттарға түсініктеме берді.

"Қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтаровқа қатысты жағдай мен қатардағы жауынгер Алмас Шахимовтың өліміне қатысты фактілер Ұлттық гвардияда болған және оның қарулы күштерге қатысы жоқ. 2024 жылдың 13 мамырында Сарыөзек ауылындағы мерзімді әскери қызметкер, қатардағы жауынгер Досымжан Сәлімжанның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады қорғаныс министрлігі.



Сонымен қатар министрлік қаза тапқан әскери қызметкердің ата-анасына жан-жақты қолдау көрсетіліп, қажетті өтемақы төлеу түрінде көмек көрсетіліп жатқанын қосты.

"Әскери қылмыстарды тергеп-тексеру барысы бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің тиісті бөлімшелерінің бақылауында. Қарулы Күштердің басшылығы мен әскери бөлімдердің қолбасшылығы іс-шарада ашықтық пен объективтілік қағидаттарын ұстанады", – деп толықтырды министрлік.

Еске салсақ, қорғаныс министрлігі Жамбыл облысында 9 маусым күні жансақтау бөліміне түскен сарбазға қатысты мәлімдеме жасаған.

Талқылау