Асқар Ілиясов Мумбайдағы кинофестивальде үздік актер атанды
Қазақстандық актер Асқар Ілиясов Мумбайда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының кинофестивалінде үздік ер адам рөлі номинациясында жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/askar.ilyassov
Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлім етті.
“Мумбайдағы кинофестиваль. Ең үздік ер адам рөлі үшін марапат”, – деп жазба қалдырды өнер иесі.
Марапаттау рәсіміне актермен қатар фильм режиссері Алдияр Байрақымов қатысты. Сондай-ақ, шарада жақында ШЫҰ кинофестиваліндегі қазылар алқасының мүшесі болған отандық әнші Димаш Құдайберген де төбе көрсетті.

Айта кетейік, Асқар "Паралимпиец" фильмінде Олимпиадада алтын алуды армандаған, алайда жантүршігерлік апат салдарынан аяғынан айырылған шаңғышы Мақсаттың рөлін сомдаған болатын.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар