Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Асыраушым бар": Ерке Есмахан өнерден кете ме?

Танымал отандық әнші Ерке Есмахан өнерден алыстап кеткенін мойындап, оқырман сауалына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/erke_esmahan

Желі қолданушысының: “ Енді гастрольдік сапарға шықпайсыз ба?” деген сұрағына Ерке Есмахан: “Бұрын үй көрмей, ұшып-қонып жүретінмін. Ақша табу керек деп. Сол кездері дәл осы сәтті армандайтынмын. Жай ғана әйел бақытын армандайтынмын. Алла қазір арманымды орындап, молынан беруде, шүкір! Гастроль, концерт, тойға қазір көп шықпаймын. Қаласам, шығармын анда-санда. Әзірге осы күйім өзіме ұнайды. Арқасүйер, асыраушы күйеуім бар. Мен еркелеушімін”, – деп жауап берді. 

Мальдив аралдарында отбасымен демалып жүрген өнер иесінен оқырманы шомылатын киіммен әдемі суреттер күтетінін айтып қалды. Әнші бұл сауалды да жауапсыз қалдырмады.

“Ойбай, ешқашан ондай сурет салмағанмын. Қазір салуға тіпті кеш болар”, – дейді Ерке Есмахан.

Әнші әлеуметтік желідегі теріс пікірлермен және хейтерлермен қалай күресетінін айтты.

“Мына сұраққа орысша әдемі жауап бергім келіп тұр. Ойымда орысша сөздер тұр, бірақ ұйқастыру қиындау. Біреуге бір нәрсе дәлелдейтін кезеңнен баяғыда өтіп кеттім. Ішім, сыртым, рухани бай болғандықтан, көп нәрсе мен үшін маңызды емес. Жүйкемді құртпаймын”, – дейді өнер жұлдызы.

Талқылау