Асылхан Төлепов "Өнер барысының" үш дүркін чемпионы атанды
"Тараз Арена" спорт кешенінде "Өнер барысы" додасы өтті. Танымал өнер өкілдері күресіп, спорттық дайындықтары қай деңгейде екенін көрсетті. Солардың ішінде актер Асылхан Төлепов жеңіл салмақта "Өнер барысының" үш дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ, актер Еркебұлан Дайыров ауыр салмақтағы "Өнер барысы" атанды. Ақтық белдесуде тележүргізуші Шерхан Пірназаров онымен жекпе-жекке шығудан бас тартты.
Ал аса ауыр салмақтағы "Өнер барысы" атағы әзілкеш Біржан Шөпбайға бұйырды.
Айта кететін жайт, додаға қатысқан вайнер Мейіржан Төребаев белдесу кезінде қолынан жарақат алып қалды.
Биыл "Өнер барысы" Тараз қаласында өтті. Оған Тәуекел Мүсілім, Арман Қоңыр, Мейіржан Төребаев, Қанат Әлжан, Бейбіт Көшқалиев, Рүстем Жаныаманов сынды танымал жұлдыздар қатысты.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген