Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ашық-шашық киімі үшін бас тартпа": Жазира Байырбекова жар таңдауда ұлына қандай кеңес бергенін айтты

Жазира Байырбекова болашақ келіні мен құдалары қандай болуы керектігін айтты. Әншінің сөзінше, қыздың ашық-шашық киінуі аса маңызды емес. Байырбекова бастысы, келінінің жүрегі таза адам болғанын қалайды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар өнер иесі қандай адамдармен құда-құдағи болғысы келетінін түсіндірді. 

"Ешкімнің ақысын жемеген, пара алмаған, ешкімге қиянат жасамаған, адамдарға жылы сөзбен болса да мейірім, жақсылық жасаған, пейілі кең, тек жақсы ойлап, жақсы сөйлейтін, бала-шағасын адал жолмен асырап отырған еңбекқор жандармен құда-құдағи болғымыз келеді. Өйткені біздің ұрпағымызға құдаларымыздың да іс-әрекеттері әсер етеді",  –  деді ол.

Байырбекова ер жеткен жалғыз ұлына болашақ жар таңдауда қандай ақыл-кеңес бергенін түсіндірді. 



"Қазбекке: "Денесіне тырысқан, қысқа, ашық-шашық киініп жүрген қызды ұнатып қалсаң, киім үшін бас тартпа. Ішкі жан дүниесі дұрыс болса, жас қосылған сайын өзі-ақ иманы өсіп жабынады", – деп айттым. Тағы қосарым: Болашақ келініміз атақты адамдардың немесе бай адамдардың немесе қарапайым адамдардың қызы болғаны мен үшін маңызды емес. Жаны таза, пейілі таза, жүрегі таза болғаны маңызды. Алла тағалам сіздерге де, бізге де арманымыздағыдай келін келуін нәсіп етсін. Аумин деп қойыңыздаршы", – деп түсіндірді Байырбекова.

Талқылау