Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Тарғын: Екінші әйеліммен тойда танысып, келісімінсіз алып қашып кеткем

Асхат Тарғын өзінен бір мүшел жас кіші қызды жар еткені белгілі. Бүгінде ортақ ұлы бар. Әнші жас әйелімен тойлардың бірінде танысқан. Кейін келісімінсіз алып қашқанын мойындады. 

Бұл туралы "Талантым-тағдырым" бағдарламасында айтылды.

Асхат Тарғын 2017 жылы екінші рет шаңырақ құрды. Бұрын ажырасқан. Алғашқы некесінен бір қызы бар. Осы ретте әнші екінші жарымен қалай танысқанын айтты. 

"Әлиямен тойда таныстым. Ол менен 13 жас кіші екен. Бірақ жас айырмашылығында тұрған ешнәрсе жоқ деп ойлаймын. Бір жыл шамасында сөйлесіп жүрдік. Мен үйленуге ұсыныс айттым. Алайда ол оқуын жаңа бітірген. Кейінге ысырып жүрді. Жазды, күзді күтіп жүре бердік. Тағы араласып көрейік дегендей айтты. Бір күні ойда-жоқта ескертусіз алып қашып кеттім. Бастапқыда келіспеді, жылады. Кейін бәрін түсіндіріп айттым. Жақсылықтың ерте-кеші жоқ дедім. Қазір бәрі жақсы. Ұлымыз бар", - деді ол.

Айтуынша үлкен қызымен араласып тұрады. Оны өсіру, бағып-қағып, құтты орнына қондыру өз мойнында екенін айтты. Бүгінде қызы өзімен емес, жатақханада тұрып жатыр. 


Асхат Тарғын: Мен шоу-бизнеске алғаш келгенде ортаға сыйдырмай шеттеткендер болды


"Ол бізбен сыйыспағаннан емес, өзіне ыңғайлы болған соң жатақханада тұрып жатыр. Чайковский атындағы музыкалық колледжде оқиды. Сол аулада жатақханада тұрады. Әрі-бері жүрудің өзі қиын. Үйге тек демалыс күндері келеді", - дейді әкесі. 

Асхат Тарғын өзінің бағы жанып, бір сәтте әнші болып кетуін ата-анасының батасын алғанымнан деп біледі. 

"Ата-анам ауылда тұрды. Онда жағдай жасалмаған. Мал бағады, оның жем-шөбі, суы бар. Ауылдық жерде жұмыс көп. От жағасың. Мен әншіліктен бұрын саудамен айналыстым. Көлік бөлшектерін саттым. Әр жерден ақша тауып жүрдім. Бірақ сауда маған жақпады. Ақыры ата-анама қалаға жақын жерден үй салып бердім. Онда суы, газы бар. Еш қиындықтыз өмір сүреді. Сол үйді тапсырып кетерде ата-анам батасын берді. Жолың ашылсын деп, алғысын айтты. Содан болар менің ісім тек өрге жүре берді. Әндер жаздым, тойларға шықтым. Таныла бастадым. Ақыры Алматыға келіп, қазір өзіме үй салып жатырмын", - деді ол. 


Әнші Асхат Тарғын енді оқу бітірген қызға үйленді (фото)


 

Талқылау