Аша Матай өзінің актрисалық мансабына тосқауыл болған ең жақын адамы екенін ашық айтты
Бүгінде тележүргізушілікке бет бұрған Аша Матай “Төрлетіңіз” бағдарламасында актрисалық мансабын аяқтауға мәжбүр болғанын жасырмай айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Актерлік мансабымды Арманның кесірінен жалғастыра алмадым. Арман рұқсат бермейді. Соңғы кинокартинам “16 қыз” еді. Бірақ менің ойымша, онда тұрған ештеңе жоқ. Арман мені қиналып қалады деп ойлап, жақсы жағынан осындай шешім қабылдады”, – дейді Аша Матай.
Әншінің күйеуі Арман Қоңырбаев та не себепті жұбайының кино саласында жүргеніне қарсы екенін түсіндірмек болды. Ол : “Уайымдайсың. Уайым да, қызғаныш та бар. Барлық отбасыда болатын мәселелер біздің де басымыдан өтті”, – дейді Арман Қоңырбаев.
Еске салайық, Арман Қоңырбаев пен Аша Матай 2015 жылы отау құрған. Бүгінде жұлдызды жұп Асылым, Айым есімді қыздарды тәрбилеп отыр.
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді?
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
"Бұрын мен басқа адам болғанмын": Балалар өткен өмірі жайлы неге көп айтады, шынымен өткен өмір бар ма?
Әлеуметтік желідегі ата-аналардың арасында да мұндай оқиғасын бөліскендер бар