Аша Матай хиджаб киді
Аша Матай хиджаб киді. Әнші өткен жұма күні көпшілікті құттықтап, ақ тілегін жазды.
Желідегі оқырмандары әншіге хиджаб жарасатынын жарыса жазып жатыр. Енді бірі орамалды қор қылма деп кеңес айтты.
“Қасиетті жұма күні тілеген дұға тілектеріңіз қабыл болсын”, — деп жазған әнші.
Желі қолданушылары Аша Матайдың өзге жибжабтағыларға еліктеп жүр деп те пікір жазды.
“Сізге орамал әдемі жарасады екен”, “Шешпесеңіз одан да жақсы болар еді”, “Шешеді ғой, уақытша ғой әншілердікі”, “Орамалды бір шешіп, бір киетін әншілер жүр ғой”, “Әркім не істесе де өзі біледі, ел шешпейді”, “Мөлдір Әуелбековаға еліктеп жүрсіз бе?”, “Орамалды жұма күні бәріміз тағамыз, оған таңғалудың керегі жоқ” деп жазды олар.
Желі қолданушылары сынға алғандай, әнші Ақбота Сейтмағамбет пен Роза Әлқожа бір кездері орамал таққанын көпшілікке мәлімдеген еді. Араға уақыт салып, орамалын шешті. Ал қазір Индира Расылхан мен Мөлдір Әуелбекова орамалда. Сахнаға жабық стильде шығып жүр. Тіпті Индира Расылхан хиджаб үшін өнерден кететінін мәлімдеді.