Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аш иттер бір-бірін жейді": Желіде Астанадағы жануарларға арналған панажайда түсірілген жантүршігерлік видео тарады

Әлеуметтік желіде арық иттердің қоқысқа толы жерде қаңғып жүрген видеосы тарады. Видео авторының айтуынша, ашыққан иттер бір-бірін жейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Елордалық қоршаған ортаны қорғау басқармасының мәліметінше, панажай 2023 жылдың қазан айында жекеменшік Stop Catching қорына сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген.

Бейнежазба авторы ашыққан иттер бір-бірін жейтінін айтады.

“Көктал-2 ауданы тұрғындарының жануарларға дұрыс күтім жасауға қатысты өтінішін ескере отырып, 20 тамызда әкімшілк құқық бұзушылық туралы кодекстің 407-бабы 2-тармағымен (Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша жауапты тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды”, – делінген хабарламада.



Жануарларға арналған панажайдың басшылығына жануарларға тиісті күтім жасамағаны үшін айыппұл салынды. 

Еске салайық, аталмыш бап бойынша жеке тұлғаларға 10 АЕК (36 920 теңге), лауазымды тұлғаларға 20 АЕК (73 840 теңге) және заңды тұлғаларға 30 АЕК (110 760 теңге) көлемінде айыппұл салу көзделген.

Бұған дейін ДДСҰ маймыл шешегінің қалай жұғатынын түсіндірген еді.

Талқылау