Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды
Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Нүсіпова Әсем Бекқызы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ботагөз Жақселекова денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылған болатын.
Әсем Нүсіпова 2016-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2008-2016 жж. - «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
2006-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі.
Бұған дейін ол премьер-министр Кеңсесінің шоғырландырылған талдау бөлімін басқарған, сонымен бірге премьер-министрдің кеңесшісі, қаржы министрінің кеңесшісі болған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар