Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әсел Сағатова: Томиристі ойнағым келді, бірақ мені алмады

Танымал актриса Әсел Сағатоваға соңғы жеті жыл ішінде бірде-бір рет басты рөл бұйырмапты. Дегенмен, актриса атақты режиссерлер ұйымдастырған кастингтерге (іріктеуге) жиі барады екен. Бұл жайында актриса Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Әсел Сағатова

Танымал актриса Әсел Сағатова тарихтан сыр шертетін Томирис фильмінде басты рөлді сомдағысы келгенін жеткізді. Бірақ актриса әрі екі баланың анасы үйде құр қол отырмаған. Ол фильм режиссері ұйымдастырған кастингтерге барып, бағын сынап көріпті. Бірақ, жолы болмаған.

«Томиристің рөлінде ойнағым келді. Іріктеуге де бардым. Бірақ, өкінішке орай басты рөлге өтпей қалдым. Негізі кинода батыр, өркөкірек қызды сомдап шыққым келеді. Ол менің арманым десем де болады. Өзімнің мінезіме қарама-қарсы адамды ойнап бағымды сынап көргім келеді. Бірақ, режиссер мырзалар мені көбінесе сезімтал, нәзік актриса ретінде көреді», - дейді актриса Әсел Сағатова.

Сағатоваға ұсыныстар жиі түспесе де, талғамы биік Әсел кез -елген ұсынысты қабылдай бермейді.

«Осыдан төрт жыл бұрын кішігірім рөлге ұсыныс түсті. Бірақ, ол ұнамады. Алдымен сценарийді оқимын, егер рөл көңілімнен шықпаса өз-өзіме қарсы келмеймін, бірден жоқ деп айтамын», - дейді актриса.

Соңғы кезде мәнсабін бір жаққа ысырып қойған актриса бүгінде екі баласын тәрбиелеп жатыр. Отбасыға үлкен мән береді екен.  

Талқылау