Әсел Асқар бұрынғы күйеуінің өзін жоғалтып алғанына өкініп жүргенін айтты
Актриса Әсел Асқар бұрынғы күйеуімен ара қатынасы жайлы тағы сөз етті. Желі қолданушыларына қазіргі отбасылық жағдайын айтты. Айтуынша, адам баласы қолда бардың қадірін білмейді.
Әсел Асқардың айтуынша, жолдасы өзін дер кезінде бағалай алмаған. Бардың қадірін жоғалтқанда, салыстырғанда ғана білген. Алайда бұл ешнәрсені кері қайтара алмайды.
“Айбек бәрі үшін өкініп жүр. Мені жоғалтып алғанына да қатты өкінеді. Бардың қадірін жоғалтқанда біледі ғой адам баласы. Бірақ одан ешнәрсе өзгермейді. Біздің 4 айға созылған жанжалымыз оның да, менің де өсуіміздің нүктесі болғанына қуанамын”, – деді ол.
Актриса бұрынғы жолдасы Айбекпен кездесіп, сөйлесіп тұрады. Алайда бұл тек белгілі себептерге байланысты.
“Біз сөйлесеміз, кездесеміз. Бірақ себептерге байланысты, шаруаға байланысты сөйлесеміз. Басқа ешнәрсе жоқ”, – деді Әсел.
Талқылау

"Желке сүйегін алып тастады": Астанада тұрғын үй кешенінің ауласында кішкентай қыздың үстіне футбол қақпасы құлаған
Бұл алаңды “Елорда Құрылыс” компаниясы салған екен

"Жұбайының көз алдында болған": БҚО-да оқушы мен әкесін құтқарамын деп суға кеткен мұғалімнің жақыны мән-жайды айтты
Қайғылы оқиға 10 шілдеде Жайық өзенінде болған