Асан Пердешовтың кәмелеттік жасқа толмаған қызға үйленгені рас па?
Бір кездері жарқ етіп жоқ болған Асан Пердешов қазір қайда жүр? Соңғы уақытта кәмілеттік жасқа толмаған қызға үйленіпті деген ақпарат ел аузында тараған еді. Осы сұрақтың бәріне Пердешовтің өзі "Ниет" бағдарламасында жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде кәмілеттік жасқа толмаған қызға үйленіпті деген сөз тарады, рас па деп сұраған жүргізуші сұрағына:
"Бұл мәселеге байланысты өз инста-парақшамда жауап берген едім. Біреу "сегізінші сыныптың оқушысын өзіне жар қылды" деп жазыпты. Сосын үшінші сыныптың қызын алды деп жаза салмадыңдар ма деп жаздым. Қайтем енді келіншегім жас көрінсе, менің кінәм емес", - деген әнші жұрт ойлағандай 16 -15 тегі қыз емес, 2000 жылғы бойжеткен екенін айтты.
"Келіншегім 2000 жылғы. Менен жасы кішкентай. Мен одан үлкенмін. Арамыз ұзақтау, дегенмен өзі жақсы көріп тұрған соң болатын шығар деп ойлаймын. Кәмілет жасқа толған қыз. Аллаға шүкір жақсы отбасымыз", - деді Асан Пердешов.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар