Аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырған экс-ректордың жазасы жеңілдемейді
Алматы облыстық сотының апелляциялық алқасы 1,7 млрд теңге жымқырып, 8 жылға сотталған Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбековке қатысты прокурордың жеке өтінішін қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ашық дереккөзден
Апелляциялық инстанция Шыныбековтың ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне ауыстыру туралы сот үкімнің күшін жойып, прокурордың жеке өтініші қанағаттандырылды.
"Сот қаулысы орындау үшін Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне жолданды", – деп хабарлады Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, IT университенің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков пен бас есепшісі бюджет қаражатын жымқырған деген күдікпен ұсталған болатын.
Экс ректор мен оның есепшісі аса ірі көлемде ақша жымқырғандары үшін 2020 жылы сотталды. №2 Бостандық аудандық соты университеттің ректоры Дамир Шыныбеков пен есепші Жанайым Спабекованы 8 жылға бас бостандығынан айырды.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салат, түрлі ассорти, стейк, жеміс пен десерт қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар