Аса ауыр салмаққа ауысқан Айбек Оралбай алғашқы жекпе-жегінде уақытынан бұрын ұтты
Айбек Оралбай Шымкенттегі Кеңес Одағының батыры Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған халықаралық турнирінде уақытынан бұрын жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Жақында ғана бокстан Ұлттық құраманың капитаны атанып, аса ауыр салмаққа ауысқан Айбек Оралбай Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдің алғашқы айналымында жарқын жеңіске жетті. Ол аса ауыр салмақтағы алғашқы жекпе-жегін украиналық Кирилл Стоянцевке қарсы өткізіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Осылайша капитан екінші айналымға жолдама алды. Енді ол екінші кезеңде түркиялық Угур Айдемирге қарсы жұдырықтасады.
Айта кетейік, жарысқа Қазақстанның барлық аймағынан және бірнеше елден 150 боксшы қатысып жатыр. Осымен 43-рет өтіп жатқан бұл турнирде Қазақстан боксшылары Азия чемпионатына іріктеліп, құрам жасақталады.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"

