"Аруағын сыйлаңдар!": Журналист Сәуле Әбілдаханқызы өзін айыптағандарға жауап берді
Журналист Сәуле Әбілдаханқызы өзін жазушы Аягүл Мантайдың өліміне кінәлағандарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Журналист жазбасында желі қолданушыларын марқұмның аруағын сыйлауға шақырды.
“Қырық күн шыдамасаңдар да, жеті күн шыдаңдар. Аруақты сыйласаңдар, оны күңірентпеңдер. Оның өліміне менен артық қайғырып отырған бірің жоқ, қалай болғанда да! Оған ең бірінші Нобельді де мен "бергенмін". Мен оны рухани сіңлім деп жақсы көрдім. Жаны жай тапсын. Жайына қалдырыңдар. Мені де жайыма қалдырыңдар. Уақыты келеді, сүрақтарыңа да, сотқа да жауап берем. Біреудің өліміне біреуді кінәлай салу оңай. Ал жанды беретін де, алатын да бір Құдай. Бәріміздің баратын жеріміз бір көр”, – деп қосты Сәуле Әбілдаханқызы.
- "Өзіне-өзі қол жұмсап өлген кез келген адамды ақтап алғым келеді": Аягүл Мантайдың соңғы жазбалары
- Айгүл Орынбек: Марқұм болған Ая Мантай соңғы күндері мені іздеген екен
Журналисті оның әріптесі Қайрат Шайхиев қолдады.
“Өлгеннің жаманы жоқ, тірінің өсектен аманы жоқ! Марқұммен тіршілікте дидарласып көрмегендер, жамбасы жерге тиместен, байыбына бармастан қазадан хайп жасап әлек болып жатыр! Бұл Сәуленің саяси орны бар, Сәулемен әліде санасады деген сөз! Ал білгіштер айтсын мықты болса, не болыпты екеуінің арасында? "Әттең, маған хабарласқанда басқаша болар еді”, – деп жазып қойыпты біреу! Не істейтін едің? Ажалға араша түсер ме едің?”, – деп жазды ол.
“Шын мәнінде не болғанын айтып, аруақты қозғамай-ақ қояйық. Ең болмаса, қырқы өтсін үндемей-ақ қояйық деп зорға ұстап отырмыз. Тас түскен жеріне ауыр! Сәулеге болмағанды болды, толмағанды толды деп жала жауып жатқанда да түнгі 3-ке дейін "Сәуле пожалуйста ұрыспай-ақ қояыңызшы" деп сабырға шақырып отырдық! Өмірден өткен баласын, анасына қарғау қандай екенін өздеріңіз де білесіздер! Болған жайт туралы жақ ашпай-ақ отырмыз. Марқұмның тірі кезінде, Сәулеге "ұрыспа, сабыр сақта, ол әлі жас!" деп сабыр сақтатып, ымыраға сүйреген біздей-ақ болсын! Сабыр сақтаған адам Сәуледей-ақ болсын. Қазадан хайп жасардың алдында арттарына бір қарап, жақсылап ойлансын адамдар!”, – дейді Қайрат Шайхиев.
Еске салсақ, бұған дейін жаузшы Аягүл Мантайдың көз жұмғаны айтылған еді. Оның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
"Өлтіруге болады дегенге балалардың еті үйреніп кетпеуі керек": Зообелсенділер бұралқы иттерді өлтіру туралы заңға қарсы шықты