Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" шахтасындағы апат: Төрт адам ауруханаға түсті, бес адам әлі табылмады

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасынан 224 қызметкер жер бетіне шығарылды, бес адам әлі іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алдын ала мәліметке сәйкес, қауіпсіз жерге шығарылған 13 адам бас ауруы мен жөтелге шағынданған. Қазіргі уақытта 4 адам, оның ішінде екеуі Шахтинск қаласының орталық аурухансына, тағы екеуі облыстық медициналық орталыққа жатқызылды. 

"Кеншілерге алдын ала қойылған диагноз – жеңіл дәрежедегі көмірқышқыл газынан улану. Тағы екеуі Мақажанов емханасында. Алдын ала диагноз – көмірқышқыл газынан ауыр дәрежеде улану. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Шахтада барлығы 227 адам болған, бес адам әлі жер астынан шығарылмады.

“Оқиға орныңда "КӘАҚҚ" РО бөлімшесі және ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде. Өрттің себептері анықталады”, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ "Қазақстан" шахтасында өрт шыққанын мәлімдеді. Қазір адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатқаны туралы айтқан болатынбыз. 

Талқылау