АрселорМиттал Теміртау шахтасында кеншіні тау-кен үйіндісі басып қалды
АрселорМиттал Теміртау шахтасында бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде бір жұмысшы тау-кен үйіндісінің астында қалып қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Вечерняя Караганда" басылымына сілтеме жасап.

Компанияның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, кенжардың үстіңгі жағынан тау-кен үйіндісі опырылып түскен. Бір кенші жарақат алды.
" УПР-1 учаскесінің жұмысшылары кеншіге алғашқы көмек көрсетті. Одан кейін оны шахтадан жердің бетіне шығарып, жедел жәрдем мамандарына тапсырды. Жарақат алған жұмысшы Мақажанов атындағы клиникаға жатқызылды", - дейді компания мамандары.
Дәрігерлердің айтуынша, ер адамның төс сүйегі сынған.
Ресейлік IT-мамандарға қазақ тілінен емтихан тапсырмай-ақ ықтиярхат беріледі – Astana Hub себебін түсіндірді
Astana Hub: "Бағдарлама шарттарында қазақ тілін білу деңгейін анықтайтын емтихан тапсыру көзделмеген"
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды