"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жұмысын тоқтату мәселесі қаралып жатыр - Министр
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев "АрселорМиттал Теміртау" зауытындағы кезекті қайғылы оқиға туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сенат отырысынан кейін журналистердің сауалына жауап берген Өскенбаев мұндай оқиғалар барша қазақстандықтардың наразылығын тудырып отырғанын айтқан.
"Қаза тапқан жұмысшының туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Бұл өте ауыр оқиға. Менің ойымша, қандай да бір апат кезінде емес, бейбіт уақытта адамның жұмысқа шығып, қаза табуы барша қазақстандықтардың ашуына тиеді. . Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет бір емес, бірнеше комиссия құрған. Онда 70-тен аса маман әр министрліктен жұмыс істеп жатыр. Оның нәтижелерін жақын күндері көреміз деп ойлаймын. Мәселе жеке қызметкерлердің ғана емес, бүкіл компанияның жауапкершілігінде тұрғысында қаралап жатыр. Бұл компания Қазақстанда жұмыс істей ме, істемей ме деген мәселе қаралатын болады", - деді министр.
Еске салайық, 8 желтоқсанда "АрселорМиттал Теміртау" компаниясында тағы бір жұмысшының қаза тапқаны белгілі болды. Бұл жолы газ қызметкері опат болған.
3 қарашаға қараған түні Шахтинскідегі Ленин атындағы шахтада газ жарылып, салдарынан бес адам қаза тапқан. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, АрселорМиттал Теміртау шахталарының жұмысы бір тәулікке тоқтатылған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтып, апаттың себептерін анықтау бойынша жедел шаралар қабылдауды, қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына тиісті көмек көрсетуді тапсырды. Қайғылы оқиғаға пікір білдірген Сенат спикері Мәулен Әшімбаев парламент еңбекті қорғау саласындағы заңнаманы қатаңдатуға дайын екенін айтқан.
23 қарашада үкіметтік комиссия жарылысқа АрселорМиттал Теміртау компаниясының басшылығын кінәлады. Іс бойынша 30-ға қызметкер күдікке ілінген.
23 қарашада үкіметтік комиссия жарылысқа АМТ басшылығын кінәлады. Іс бойынша 30-ға жуық күдікті бар. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, құқық қорғау органдары AMT компаниясының негізгі инвесторы Лакшми Миттал кінәлі деп тапса, оны жауапкершілікке тартуға құқылы.
29 қарашада Қазақстан билігі үнділік инвесторларға талап қойды.