Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясына 5,8 млрд теңгеге айыппұл салынды

"АрселорМиталл Теміртау" компаниясының жұмысында бірқатар бұзушылықтар анықталып, кәсіпорынға қомақты көлемдегі айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

АрселорМиталл металлургиялық кешені Теміртау қаласындағы атмосфералық ауаны ластаудың негізгі көзі. Кәсіпорынның қаладағы ауаны ластаудағы үлесі 86,4%-ті құрайды.

Жыл сайын, АрселорМиталл шамамен 10 рет экологиялық бақылаудан өтеді. 2022 жылдың 9 айында аумақтық экология департаменті компанияға қатысты жоспардан тыс 7 тексеріс жүргізді.

"Тексеріс нәтижесінде бейорганикалық шаңның нормативтен тыс шығарындылары, бұрын берілген нұсқамалардың орындалмауы, қалдық газдарды шығару, сондай-ақ тазарту жұмыстары бойынша бұзушылықтар анықтады. Атқарылған шаралары негізінде кәсіпорынға жалпы сомасы 5, 8 млрд теңгеге айыппұл салынды", - деді Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында.

Қазіргі уақытта Департамент "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Парасил цехына тексеру жүргізіп жатыр.

Талқылау