Армения ҰҚШҰ-ның барлық органдарындағы қызметін тоқтатты
Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының барлық органдарына қатысудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Apa басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Apa.az
Армения премьер-министрі Никол Пашинян, ҰҚШҰ-ның барлық органдарындағы қызметтерін тоқтатқанын мәлімдеді.
“Осы кезеңде мұны жеткілікті деп санаймыз. Басқа шешім қабылдаудың қажеттілігін көріп тұрған жоқпыз. Бірақ бұл болашақта басқа шешім қабылдамайтынымызды білдірмейді", – деді ол.
Еске салсақ, бұған дейін Армения билігі 2024 жылы ҰҚШҰ қызметін қаржыландыруға қатыспау туралы шешім қабылдағаны туралы жазған едік. 12 маусымда Армения премьер-министрі Никол Пашинян парламент отырысында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан (ҰҚШҰ) шығатынын хабарлаған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар