Армения Вашингтонда өтетін НАТО саммитіне қатыспақ
Армения Вашингтонда өтетін НАТО саммитіне қатыспақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Армения сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ани Бадалян мәлімдеді.
“Армения Вашингтонда өтетін НАТО саммитіне және ұйымның 75 жылдығына арналған шараларға қатысуға шақырту алды. Армения саммитке қатысатынын растады”, – делінген ресми хабарламада.
Саммит 9-11 шілде аралығында өтеді.
Армения Палестинаның тәуелсіздігін ресми мойындады
АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері жөніндегі көмекшісі Джеймс О'Брайеннің айтуынша, сыртқы істер министрлері деңгейіндегі кездесуге НАТО-дағы барлық серіктес елдер, соның ішінде Әзірбайжан мен Армения да шақырылған.
"Мен екі ел де қатысады деп үміттенемін", – деді хатшының көмекшісі.
Сондай-ақ О'Брайен Вашингтонның АҚШ-та Армения мен Әзірбайжан сыртқы істер министрлерінің жаңа кездесуін ұйымдастыруға дайын екенін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян Арменияның Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан (ҰҚШҰ) шығатынын мәлімдеген еді.