Арматура қолданған: Алматының ортасында бір топ азаматтардың арасында болған төбелес видеоға түсіп қалды (видео)
Алматының орталығында куәгерлер бірнеше жігіттің кескілескен төбелесін видеосын түсіріп алған. Жаға жыртысу кезінде олар тек қолды ғана емес, арматураны да қолданған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға Байтұрсынов-Қабанбай батыр қиылысында сағат 21:40 шамасында болған. Бейнежазбада сырт киімсіз бір топ азаматтың мәселені жұдырықпен шешіп жатқанын көруге болады. Бір сәтте төбелеске қатысушылардың бірі қарсыластарына арматура лақтыра бастайды.
Басқалар төбелесіп жатқандарды ажыратуға тырысқан, бірақ бұдан ешқандай нәтиже шықпаған.
- "Кісі өлтірген алматылық қоғамдық жұмысқа тарту жазасымен құтылып кеткен": Марқұмның туыстары сот шешіміне наразылығын білдірді
- "Қол ұшын созуға жарамай қалдыңыздар ма": Танымал актер Асқар Жұмабеков түрмеден хат жолдады
Куәгерлер оқиға орнына полицейлерді шақырған. Кейін Алматы полиция департаменті Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі бұзақылық фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
“Төбелеске қатысушылар анықталып, ұсталды. Олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Басқа мән-жайлар анықталуда”, – делінген полиция мәлімдемесінде.
Бұған дейін қазақстандық жанкүйерлер Түркияда өткен футбол матчында төбелес шығарғаны туралы жазылған.