"Арманымдағы әйел сенсің": Танымал актер Ерке Есмаханға сезімін білдірді

Қазақстандық жас актер Шәріп Серік Ақан Сатаевтың киносына түсу үшін басынан не өткергені және осы күнге дейін неге үйленбей жүргені туралы "Ережесіз әңгіме" бағдарламасында жайып салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ерке есмахан

Отандық кино жұлдыздардың ішінде өзіндік харизмасымен ерекше көзге түскен жас актер Шәріп Серік қазіргі таңда көп сұранысқа ие. Ақан Сатаевтың екі бірдей киносында басты рөлді сомдаған актер танымал кинорежессердің көзіне түсу оңай болмағанын айтады. 

Кастингтен сүрінбей өткен оған талапшыл режессер артық салмағынан арылса ғана басты рөл өзінікі екенін айтып талап қойған.  

Жас актер арманындағы киноға түсу үшін бір айда 17 килограмм салмақ тастағанын жасырмады. Және бұл жанкештілігі оған кино әлемінде жарқ етіп көрінуге көп көмектесті.

28 жасқа келсе де әлі бір қызбен шынайы жүріп көрмедім деп айтқан жас актерге жүргізушілер сенбеді. Анаңа келін қашан алып бересің деген жүргізуші сұрағына: 

"Шыны керек анама келін алып беру ойымда бар. Жоқ, анама келін емес, екінші қызы болатындай жар іздеп жүрмін", - деп жауап берді. 

Қаншама сұлу қыздармен жұмыс жасап жүріп, бір қызға көңілі түспеген бе, не кедергі болып жүр, қандай қыз іздейсің сонда деп сұрағанда: 

"Достарым үйленген соң отбасында неше түрлі проблемалар болып жатады. Содан қорқамын. Мен өз ойымдағы қызды әлі кездестірген жоқпын. Кішкене аяққа тұрған соң, үйленем", - деп уәде берді. 

Ал жан жарыңыз қандай болу керек дегенде: 

"Болашақ жарымның фотороботын жасайық. Даусы Ерке Есмахандікіндей болсын. Көзі Еркенікіндей болса ғой. Мұрны Еркенікіндей болса...Мен түсіндім. Менің арманымдағы әйел Ерке сенсің", - деп "Махаббат кафесінде" Еркенің ғашығының рөлін сомдаған актер қалжың-шыны аралас Еркеге өз сезімін айтты. 

Әдемі қалжыңды түсінген Ерке: 

"Екі айдан астам уақыт бірге болдық. Ол кезде түсінбедің бе?" -  деп сұрап қалды. 

Ол кезде айтуға батылы жетпегенін, бүкіл ел танитын әншіге өз сезімін айтуға қорыққанын жеткізді. Жас актер сол кинодан соң Еркемен өте жақын дос ретінде араласып кеткеніне дән риза екенін жеткізді. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да жеңіліс: Күрестен әлем чемпионатында отандасымыз күміс жүлде алды

Күрестен әлем чемпионатында қазақстандықтар үшін алтын жүлде бұйырмай тұр

10 адам жараланды: Арыста тағы да жарылыс болды

Полигонда арнайы жұмыстар кезінде оқ-дәрі бөлшегі өздігінен жарылып кеткен

Тоқаевтың Нью-Йоркке неге баратыны белгілі болды

Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркке 196 елдің өкілдері келеді

57 адам ұсталған: Министрлік заңсыз митингке шыққандар туралы мәлімдеме жасады

Жекелеген азаматтар елде тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылығына ерген

Иттер талап тастаған: Қазақстандық әйел жаңа туған баласын мазарға тастап кеткен

Сәбидің денесін мазарда иттер сүйрелеп, талап тастаған

Үш жыл бойы алып келген: Оралдық көпбалалы әйелге мемлекеттен алған ақшасын қайтару міндеттелді

Үш жыл ішінде алған зейнетақыны мемлекетке қалай қайтаратынын білмей отыр

"Ессіз ғашықпын": Yuframe блогері тойға қызу дайындық үстінде

Айымның таңдауы Талғат Итбаев есімді бизнесмен жігітке түскен

Жоғалып кеткен астаналық барменнің өлі денесі табылды

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, денеде зорлық-зомбылық белгілері жоқ

2025 жылға қарай Қазақстан пластикалық пакеттерден бас тартады

Қазақстанда пластиктен бас тарту алты жыл ішінде кезең-кезеңмен жүреді

"Бір де бір құжаты жоқ": Жаңаөзен әкімі қызмет көлігін заңсыз пайдаланған

Әкім көлігін жемқорлыққа қарсы қызметкерлер мен жол сақшылары тексерген
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр