Арман Шораев Астанада азаматтық некедегі әйелін соққыға жықты деген күдікке ілінді
Қоғам белсендісі Арман Шораев елорда көшелерінің бірінде азаматтық некедегі жұбайын ұрып-соқты деп айыпталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин/ instagram.com/arman_shorai_team
“Азаматтық некедегі әйеліне денеге зақым келтіру дерегі бойынша азамат А.Ш. қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайлар анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді полиция.
Журналист Михаил Козачковтің Telegram арнасында ер адамның көшеде қызды ұрып жатқаны түсірілген видеоны жариялады. Ол бейнежазбадағы ер адамның белгілі қоғам қайраткері Арман Шораев екенін айтқан еді.
Шораевтың өзі Facebook желісінде "жасанды интеллекттің құрбаны болғанын" және журналистке қарсы арыз түсіретінін хабарлады.
"Мұның бәрі өтірік. Мен ешқашан ешкімді ұрған емеспін. Бұл арандатушылық және қара пиар үшін Козачковка ақша төленеді", — дейді Арман Шораев.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"