Арман мен Аша қыздары Асылымды қырқынан шығарды (фото, видео)
Қазақстан эстрадасындағы ең әдемі жұп Арман Қоңырбаев пен Аша Матай қыздары Асылымды қырқынан шығару рәсімін өткізді, деп хабарлайды Stan.kz.
Асылымды қырқынан шығару рәсіміне Қоңырбаевтар отбасының ең жақын деген туыстары мен достары жиналды. Олардың арасында ең сыйлы қонақтар Асылымның қос кіндік шешесі – дизайнер Айнұр Нұрсейітова мен Ашаның кәсіпкер құрбысы әрі серіктесі Ольга Ким болды.
Ашаның бұл қос аруға таңдау жасауы бекер емес. Біріншіден, екеуі де Ашаның жақын құрбысы десек, екіншіден, екеуі де дүниеге бірнеше сәби алып келген тәжірибелі ана.
Кеш барысында Аша алғыс ретінде Айнұр Нұрсейітоваға сырға, ал Ольга Кимге жүзік тақты.
Айтпақшы, желі қолданушылары босанғаннан кейін Ашаның сыртқы дене бітімінің өзгеріп, толықсығанын байқап қалды.
Жіберіп алмаңыз:
40 жасқа толған Ақбота Керімбекова үшінші рет тұрмысқа шықпақ
Оқырмандар саны 1 миллионға жеткен Исабекова Instagram парақшасын сатылымға шығарды
Жүрсін Ерман тікелей эфирде Мұхтар мен Болатбекті қайта айтыстырып халықтың өзі бағалайтынын айтты
«Өзінің жасына лайықсыз» көйлек киген Мәдина Сәдуақасова сынға қалды