Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дикий Арманның" ісі: Сот үкімі қашан шығатыны белгілі болды

Арман Жұмагелдиевке қатысты сот тергеуі аяқталып, сот талқылауы басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Әлеуметтік желіден

Бұл туралы Арман Жұмагелдиевтің авдокаты Олег Чернов мәлімдеді. Авдокат сот үкімі келесі жылдың басында шығатынын айтты.

“Арман Жұмагелдиевке қатысты сот тергеуі аяқталып, сот талқылауына көшті. Қазір жарыссөзде мемлекеттік айыптаушы сөз сөйлеп жатыр. Олар сотталушыларға ұзақ мерзімді жаза тағайындауды сұрап отыр. Желтоқсанның аяғына дейін сот аяқталып, 2025 жылдың қаңтар айының басында шешім шығатын болады”, – дейді Олег Чернов. 


"Ұлыма белдемше кигізіп, видеоға түсірген": Дикий Арманның сыбайласынан зардап шектім деген әйел президентке үндеу жолдады


Бұл іс бойынша айыпталушылар қатарында Алматы қалалық маслихатының бұрынғы депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайберген мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті полковнигі Руслан Ысқақов та бар. 

Еске салсақ, бұған дейін Жоғарғы сот Дикий Арман ісі не себепті ұзақ қаралып жатқаны туралы мәлімдеме жасаған еді. Еске салсақ, осыған дейін Алматы мен Шымкентте "Дикий Арманның" қылмыстық тобының ықтимал 15 мүшесі ұсталғаны туралы жазған едік. 

Талқылау