Арман Әшімов UFC төрінде жұдырықтасады
Тағы бір қазақстандық спортшы UFC төрінде жұдырықтасуы мүмкін. Аралас жекпе-жектегі ең беделді промоушен қазақстандық Арман Әшімовті өзінің ресми сайтына орналастырған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Vesti.kz сайты жазды. Дерекке сүйенсек, қазақстандық спортшының аты-жөні UFC ресми сайтында 4-ші сәуір күні тіркелген.
Десе де бұл мәліметке байланысты спортшы да, оның менеджері Саят Әбдірахмановта әзірге жақ ашпады. Әрі нақты келісімшартқа отырғаны туралы хабарлама таратпады.

Фото: vesti.kz
Еске салайық, Арман Әшімовке бұған дейін 2 мәрте UFC-де жұдырықтасу мүмкіндігі берілген. Алғашқысы 2020 жылы. Бірақ ол кезде пандемияға байланысты спортшы АҚШ-қа визасын уақытында ала алмады. Екінші рет Суингапурде жекпе-жекке шығуы керек еді. Ол жолы қарсыласы октогонға шығудан бас тартты.
Айта кетейік, Stan.kz қазақстандық спортшы Ассу Алмабаевтың да UFC-мен келісімшартқа отырғанын жазған еді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"