Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арман Әшімов "Қалаулым" қатысушысы Ақтөре Батырбекті шапалақпен ұрған (видео)

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман Әшімов спортшы әрі “Қалаулым” жобасының қатысушысы Ақтөре Батырбекті шапалақпен ұрған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Арман Әшімовтің Bokey Youtube арнасына берген сұқбатына сілтеме жасап хабарлайды. 

Арман Әшімов танымал спортшы әрі “Қалаулым” жобасының қатысушысы Ақтөре Батырбекпен кездесіп, шапалақпен ұрып жібергенін айтты. 

“Жекпе-жектегі әр жеңісінен кейін мені шақырушы еді ғой. Соңғы жекпе-жектегі жеңісінен кейін мен жайлы айтпапты. Өмірге деген көзқарасы өзгеріпті. Шоуларда жүрген, белі қатпаған бала ғой. Мен үшін ”Қалаулым” – ерді ез қылатын, қызды жезөкше қылатын бағдарлама. Ақтөремен жеке кездестім. Ол спортшы емес, желаяқ екен. Оған шапалағыңды аласың деп ескертіп айтып, шапалақпен ұрғанда қашып кетті. Шыны керек, спортшы болғандықтан одан дәл әрекет күтпедім. Салғыласуға келгенде алдына жан салмайды. Бірақ “намыс” деген қасиет жоқ”, – деді Арман Әшімов.

Айта кетейік, Ақтөре Батырбек бірнеше рет Арман Әшімовті жекпе-жекке шақырып, мәселені шаршы алаңда шешкісі келетінін айтқан. Бірақ бұл жекпе-жекті еліміздегі ешбір ұйым ұйымдастыруды жөн көрмеді.   

Талқылау