Арқанмен байлап тастаған: Павлодарда балаларды мазақ еткен санитарларға сот үкімі шықты
Павлодардың психоневрологиялық орталығында жұмыс істеген екі санитар орталықтың тәрбиеленушілерін қатыгездікпен қарағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Олар тыныш сағат пен түнде психикалық ауытқулары бар кішкентай науқастарды керуеттеріне арқанмен байлап тастаған. Бұл 2020 жылғы мамырда бейнебақылау камераларының көріністерінен кейін анықталды.
Әйелдерге қатысты сот жабық режимде өтті. Ауру балаларды қорлау фактілері бойынша барлығы 16 қылмыстық іс қозғалды. Тоғыз іс қарау сатысында.
Бұған дейін тағы бес санитар сотталды.
Ағымдағы сот процесінде екі қызметкер тергеу барысында кінәні мойындау туралы мәміле жасады. Олар үш жарым жылға шартты түрде сотталды.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды
Әйел: "Талантты қызым конкурсынан қалды"