Арқалықта ұлын полицейлерден көлікпен қашуға мәжбүрлеген ер азамат кешірім сұрады
Арқалықта 14 жастағы кәмелетке толмаған баласына көлік тізгінін беріп, полицейлерден қашуға мәжбүрлеген ер азамат кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол мұндай жағдай енді қайталанбайтынын және барлық жауапкершілікті өз мойнына алатынын жеткізді.
Еске салсақ, бұған дейін Арқалықта полицейлер автокөліктің соңынан қуып, қару қолданғаны айтылған еді. Көлікті 14 жастағы жасөспірімнің тізгіндегені анықталды. Бұл оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды. Бейнежазбада баланың жанында отырып, оған не істеу керектігін айтып отырған ер азамат байқалады. Полицейлер көлікті тоқтату үшін оның артқы дөңгелегіне оқ атқан.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді