Арқалықта мас жүргізуші аялдамаға соғылды
Арқалықта мас жүргізуші көлігімен аялдамаға соғылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"26 жастағы ВАЗ 2112 автокөлінің жүргізушісі қоғамдық көлік аялдамасына соғылған. Полиция қызметкерлері жүргізушіні куәландыру үшін медициналық мекемеге жеткізді. Ол мас болған. Қазіргі уақытта жүргізуші қамауға алынды", - делінген полиция хабарламасында.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ол 20 тәулік қамауға алынуы және 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ